Ресми жолмен! Жәнібек Әлімханұлы WBO ұйымынан әлем чемпионымен жекпе-жек сұрады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен жекпе-жек беруін сұрауда, деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер Лэнс Пагмайрдің мәліметінше, Жәнібектің менеджері Эгис Климас қазақ боксшының Андрадеге міндетті қарсылас ету үшін WBO ұйымына өтініш жолдаған. WBO сейсенбі күні бұл ұсынысты қарастырады.

"Хайме Мунгия WBO рейтингінде бірінші, алайда, ол Андрадемен жекпе-жекке өтініш бермейді. Сондықтан рейтнгтегі екінші нөмір Әлімханұлы, сенбіде ол нокаутпен жеңіске жетті, өз соққысын жасайды, ал Климас Андрадеге міндетті қарсыластың есімін келесі айда біле алады", - дейді Пагмайр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар