Промоутер "Канелоға" қатысты ащы шындықты айтты

©instagram.com/canelo

Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойя екінші ауыр салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварестің (59-2-2, 39 KO) карьерасы құрдымға кетіп бара жатқанына сенімді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" баяулап қалғанын байқадым. Шаршағанын көрдім. Джон Райдер - мықты жігіт, бірақ тас емес. Тасты балғамен оңай ұрып сындыруға болады. "Канело" жастау болғанда, Райдерді нокаутқа түсірер еді. Қалай құлатқанын көрдік, бірақ аяғына дейін жеткізе алмады. Бұл шаршағандықтың белгісі. 

Қолына жасаған операция да оның шаршағанын көрсетеді. Бәрі аяқталуға жақын, міне мәселе осында. Бұл шындық. Бұл сөз өзіме де ұнамайды, алайда мұндай әрбір боксшының басынан өтеді", - дейді промоутер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport