Промоутер Головкиннің командасындағы соңғы жаңалықтармен бөлісті

17 қыркүйек 2021 17:50
© boxingscene.com

Орта салмақта (72,6 келіге дейін) IBF чемпионы қазақстандық Генадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) серіктестікте жұмыс істейтін промоутер Том Леффлер америкалық БАҚ-қа сұқбат берді, деп хабарлайды vRINGe.com.

Журналиспен әңгіме барысында Леффлер Қазақстаннан шыққан чемпионның командасындағы соңғы жаңалықтарды айтып берді. 

"GGG қазір Лос-Анджелесте, жыл соңында рингке оралудың дайындығын жүргізуде. Бұл жекпе-жек туралы әлі нақты шешім шыққан жоқ, бірақ, ол жаттығап жатыр. Оның рингге әр оралуы отшашу сияқты. Ол DAZN үшін 2019 жылдың қыркүйегінде "Канеломен" кездесуі керек еді. Одан кейін ол бірнеше жекпе-жекті қабыл алды. Ал егер қазір, жыл соңында шаршы алаңға оралса, бұл керемет жекпе-жек болуы тиіс".

Ал "Канеломен" үшінші кездесудің өтуі немесе өтпеуі жайлы Леффлер: 

"Мен сізге айтайын, бірінші екі кездесуді өткізудің өзі оңай болмады. "Канело" әлі де рекордты ұстап келеді. Ол WBC титулын бос қалдырған Мексикадан шыққан алғашқы чемпион. WBC "Канелодан" Головкинмен кездесу өткізуді талап еткенде, ол қазақстандықпен жекпе-жекке дайын болмады. Бұдан кейін келісім жүргізу қиындай берді. HBO бұл PPV-кездесу Альварестің ең көп қаржылай сый алатын жекпе-жегі болатынын білді.  Біз тарихта билет сату нәтижесі бойынша үшінші орынға жеттік, екі кездесу қорытындысы бойынша миллионнан аса трансляция саттық. Егер үшінші кездесу неліктен өтпей жатыр деп сұрасаңыз - бұл Головкин командасының шешіміне байланысты емес" - деп қорытындылады сөзін промоутер. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport