Промоутер Елеусіновті 14 нокауты бар бұрынғы WBA чемпионымен жекпе-жекке шығармақ

Сурет: zimbio.com
Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық проспект Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) WBA Regular титулының бұрынғы иегері ресейлік Давид Аванесянмен (26-3-1, 14 KO) жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы Boxingnews24.com порталына берген сұхбатында DAZN-мен келісімдегі промоутер Эдди Хирн айтып берді. 

Хирннің жоспары бойынша, жыл соңына дейін Аванесян мен өзге клиенті Джош Келли (10-0-1, 6 KO) арасында жекпе-жек өткізу. Алайда британиялық бір себептермен рингке шыға алмаса, промоутер оның орнына Елеусіновті қоймақ.  

"Данияр Елеусінов 27 қараша Дэниэл Джейкобстың андеркартында жұдырықтасады. Оны Индонго немесе Аванесянға қарсы қоймақпын, егер соңғысымен Келли шыққысы келмесе. Иә, мәселе Келли қашан дайын болатынында. Уақытты созбағанын қалар едім. Ол үшін бұл кездесу маңызды", - дейді Хирн. 

Еске салайық, Елеусіновтің келесі қарсыласы үш тұжырымда әлемнің бұрынғы чемпионы "Көк машина" лақап атты Джулиус Индонго (23-2, 12 КО) болу керек.