Өзбектен шыққан Олимпиада чемпионы баспен ұрған қарсыласын бір соққымен құлатты

©RingSide24

2022 жылғы Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов (12-0, 12 КО) кәсіпқойдағы кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Карсон қаласында өткен айқаста ол америкалық Кертис Харпермен (14-9, 9 КО) жұдырықтасты.

Ауыр салмақтағы айқас он раундқа есептелген болатын, бірақ төртіншісінде аяқталды. Джалолов қарсыласын бір соққымен құлатты. Харпер аяққа тұрғанымен, төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім шығарды. Кертис үшінші раундта да бір құлап алған болатын. 

Еске салайық, Джалолов 2019 жылы әлем чемпионы және үш рет (2017, 2019, 2021) Азия чемпионы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport