Өзбекстандық "Құбыжық" пен қазақстандық нокаутшы Головкиннің титулды жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады

18 қыркүйек 2019 13:13
Исраил Мадримов. © championat.asia
5 қазан Нью-Йоркегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО), арасындағы жекпе-жектің анедркарты жаңа боксшылармен толықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com ақпаратынша, бұл шоу андеркартында екінші орта салмақтағы Али Ахмедов (15-0, 11 КО) өнер көрсетеді, боксшының ісін Головкинге тиесілі GGG Promotions компаниясы жүргізеді. Оның он раундтық жекпе-жектегі қарсыласы кейін анықталады.

Сонымен қатар, тізімді "Құбыжық" атанып кеткен өзбекстандық Исраил Мадримов (3-0, 3 КО) толықтырды. Оның қарсыласы мексикалық Алехандро Баррера (29-5, 18 КО). Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

Ахмедов пен Мадримов мұның алдында да Головкин жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасқанын айта кетейік. Маусымда MSG аренасында GGG-дің DAZN платформасындағы алғашқы жекпе-жегінде, ол кезде қазақстандық төртінші раундта канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутпен жеңген.