Өзбекстандық қазақтың кәсіпқойдағы айқасы сенсациямен бітті

©Tapology

Екінші жартылай орта салмақтағы боксшы Елнұр Әбдірайымов (10-1, 9 КО) кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Месиканың Тихуана қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірінде Өзбекстанның қазағы 20 жастағы мексикалық Анхель Даниэл Гарсиямен (15-0, 12 КО) айқасты.

Фаворит саналған Елнұр бастапқыда жекпе-жекті бақылауда ұстап, қашықтық пен темпті өз дегенінше ұстады. Алайда кейін Гарсия айқас барысын өзгертіп, басымдық көрсете бастады. 

Ақыры жетінші раундтан кейін Әбдірайымов жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты да, Гарсия техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport