Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшысы Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Сурет: Stadion.Uz

Бокстан Өзбекстан құрамасының тағы бір өкілі Олимпиадада жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

63 келідегі 1/4 финалда Өзбекстан құрамасына кірген қазақ боксшысы Елнұр Әбдураимов армениялық Оганес Бачковқа есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады. 

Айта кетейік, осы салмақта қазақстандық Закир Сафиуллин өнер көрсетеді. Бүгін, 3 тамызда Закир жартылай финалға жолдама үшін аустралиялық Гарри Гарсайдпен жекпе-жекке шығады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport