Өзбек нокаутшы Садриддин Ахмедовпен жекпе-жектен неге шықпай қойғанын айтты

Сурет: Fightnews.info

Сәуірде WBA International титулын жеңіп алған өзбекстандық Шахрам Гиясов (11-0, 9 КО) "неКАРАтэ" YouTube арнасына берген сұхбатында неге қазақстандық Садриддин Ахмедовпен (12-0, 10 КО) жекпе-жекке шықпай қойғанын түсіндірді. 

- 2017 Тайланд королінің финалы болды. Сен шешуші жекпе-жекте Садриддин Ахмедовке қарсы шықпай қойдың. Жарақат болды ма?

- Жарақат болды. Бірінші жекпе-жекте оң қолымды қатты ауыртып алдым. Ал үш аптадан кейін Өзбекстанда Азия чемпионаты өту керек болатын. Финалға дейін үш кездесу өткіздім де, жеке бапкерім айтты: "бұл да мықты боксшы, айқас ауыр болады, бізге мұндай керек емес. Оданда күшіңді іркіп, Азия чемпионатына сал, отаныңда, өз жанкүйерлеріңнің алдында. Қолыңды да емдеу керек". Сосын біз Азия чемпионы атандық. 

Еске салайық, Гиясов әуесқойда да 2017 жылы Гамбургте әлем чемпионы болды. 2016 жылғы Олимпиадада күміс жүлдегер атанды - финалда Данияр Елеусіновтен жеңілген.