Өте жылдам! 19 жастағы боксшы тәжірибелі қарсыласын нокаутпен жеңді

©Видеодан скрин

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын 19 жастағы пуэрториколық Ксандер Зайас (14-0, 10 KO) мексикалық Элиас Эспадасты (22-5, 15 KO) нокаутқа түсірді.

Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы Resorts World шаршы алаңындағы бокс кешінде өтті. Зайас бірінші раундта-ақ қарсыласын контр-хукпен құлатты. 

Айқас бесінші раундтың 30-секундында аяқталды. Эспадас екі соққы өткізіп алып, қайтадан құлады. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport