"Орта салмақтағы Тайсон". Головкин туралы деректі фильм жарыққа шықты

Сурет: fightsaga.com

Joseph Vincent атты көпшілікке белгілі YouTube-кқазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) арналған деректі фильм жариялады.

Бұл видеода GGG-дің әуесқой мен кәсіпқой рингтегі карьерасы, оның жүріп өткен жолы мен жекпе-жектеріндегі ең жарқын көрсетілген. 

"Бүгінгі видео Triple G атымен көбірек танымал Геннадий Головкиннің керемет сапары туралы. Әлемнің арғы түпкірінен жаһандағы ең мықты жігіттердің біріне айналуына дейінгі ғажайып жолы. Орта салмақтағы Майк Тайсонның барлық нокауттары, тарихта қалған жекпе-жектері, жаттығулары мен тежеусіз батылдығын жадыңызда қайта жаңғыртайық", - делінген сипаттамада.