"Оны "ашып" тастаймын". Головкин "Канеломен" жекпе-жек қатысты мәлімдеме жасады

©cbssports.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші жекпе-жекте еш күмән қалдырмайтындай жеңіске жетпек, деп хабарлайды vRINGe.com.

"Канелоны" боксшы ретінде білемін. Оны "ашып" тастайтын кілттерім бар. Онымен қалай жұдырықтасу керегін білемін. Ол да мені зерттеп алғанына сенімдімін, оның да арсеналында маған қарсы дайындағандары бар", - дейді Головкин Walking The Floor арнасына берген сұхбатында. 

Оның сөзінше, екінші айқастан кейін Альварес трилогия өткізгісі келмеді.

"Ол жоғары көтеріліп кетті де, басқа мүмкіндіктердің соңына түсті. Ал қазір біздің айқасқа қызығушылық бар. Бұл тартымды мүмкіндік. Ол қашан болатыны белгісіз. Уақыт көрсетеді", - дейді Геннадий. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport