"Өмір арпалыс, ол өлімнен ауыр болуы мүмкін". Атақты Майк Тайсон даңқ түкке тұрматынын мойындады

Сурет: Fightnews.info
Ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон өлімнен қорықпайтынын айтады. Спортшының сөзін The Sportsman порталы келтіріп отыр. 

"Өмір өлімнен де ауыр болуы мүмкін. Мұның бәрі рас па білмеймін, бірақ, мен осыған сенемін. Сондықтан өмір үлкен батылдықты қажет етеді. Мұнсыз ештеңеге мүршаң келмес. Өмір - бір уақыттағы саяхат пен арпалыс. 

Адамда бәрі бар болғанымен, бәрібір қайғыда болуы мүмкін. Біз өзімізді тым маңызды санаймыз. Ал атақ түкке тұрмайды", - дейді Тайсон.