Олимпиада чемпионы үш рет құлап ақыры нокаутпен жеңілді

©Bad Left Hook

Олимпиада чемпионы кубалық Юриоркис Гамбоа (30-5, 18 КО) мексикалық Исаак Круспен (23-2-1, 16 КО) жекпе-жекте үш рет нокдаунға түсіп, ақыры нокаутпен жеңілді. Бұл айқас АҚШ-тың Арлингтон қаласында өткен бокс кешінде болды, деп хабарлайды vRINGe.com.

Гамбоа бірінші рет екінші раундта құлады. Үшінші және екінші раундта екі салмақта чемпион болған 40 жастағы боксшы тағы бір реттен нокдаунға түсті.

Бесінші раундта Гамбоа 23 жастағы қарсыласынан тағы бір ауыр соққы өткізіп алды да, жекпе-жек осымен тоқтады. 

Айта кетейік, кубалық боксшы 2004 жылғы Олимпиадада жеңімпаз болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport