Олимпиада чемпионы қыздар үшін бұзықтармен төбелескен

27 қыркүйек 2022 12:15
© Instagram

Украиналық боксшы Александр Усик қыздар үшін болған көше төбелесі туралы айтып берді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс"

"Тамаққа тапсырыс беріп, күтіп тұрғанбыз. Қасымызға бір қыздар келді. Ауыздарына ақ ит кіріп, көк ит шығып, боқтап тұрды. Досым оларға қарата: "Қыздар, сіздер болмысы бөлек, тамаша жансыздар ғой. Боқтамасаңыздаршы. Сіздерден гүлдің иісі аңқып тұру керек" деді. 

"Қасынағы жігіттер менің досыма шүйлікті: "Ей, бұзау, қыздарға не деп тұрсың?" деп. Біреуі менің алдыма келіп, бокстағы тұрысын көрсетті. Ұстадым да, өз қолын өзіне жұмсадым. Одан кейін тағы бір рет басынан, сонымен болды", - дейді Усик. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport