"Олар жеңісті "Канелоға" берді". Атақты америкалық промоутер Головкин жекпе-жектері жайлы

Боб Арум. Сурет: Top Rank
Америкалық белгілі промоутер және Top Rank компаниясының басшысы Боб Арум Қазақстан астанасында өткен баспасөз мәслихатында Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жектер туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

- Головкин мен "Канело" жекпе-жегі туралы не ойлайсыз? Кім жеңді?
- "Канело" енді Головкинмен жұдырықтасқысы келмейтінін айтады. Психолог та, олардың промоутері де емеспін. Сырт көз ретінде ғана пікір білдіре аламын. Бірінші жекпе-жекте Головкин жеңді. Екіншісінде тең түсті, бірақ, олар жеңісті "Канелоға" берді. 

Айта кетейік, атақты промоутер 6 шілде астанамызда өтетін бокс кешін тамашалауға келді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде Жаңқош Тұраров (23-0, 16 КО) бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуі үшін аргентиналық Максимилиано Годоймен (31-4-1, 16 КО) жұдырықтасады.