"Ол өзінің нақ келбетін көрсетті". Головкин "Канело" ісін қалай жүргізетіні жайлы

20 қыркүйек 2019 14:28
Сурет Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
Қазақстандық кәсіпқой Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мексикалық Сауль Альварестің (51-1-2, 35 КО) айтқанына қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды vRinge.com. GGG-мен үшінші жекпе-жектен қашқалақтап жүрген мексикалық боксшы Головкинмен арада иістің біткенін айтып, трилогияға ынтасы жоғын айтқын. 

"Канело" Альварес Головкинмен трилогияға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

"Бұл адам өзінің нақ келбетін көрсетті. Боксқа деген шынайы қатынасын танытты. Ал көпшілік ол туралы жақсы ойлайтын еді, оны мақтап, мадақтайтын еді... Енді олардың өзідері де көзбен көріп отыр, ол туралы бәрін білетін болды. Ол өз істерін қалай жүргізетіні барлығына түсінікті", - дейді Головкин.