"Ол менің жауым". Бивол "Канеломен" айқас алдында мәлімдеме жасады

©Fight.ru

7 мамырда жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуіне ие Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО) суперорта дивизионда абсолют чемпион Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) айқасқа шығады. Бұл ресейлік боксшының карьерасында ең маңызды кездесу болмақ, деп хабарлайды vRINGe.com

Жекпе-жек алдында Бивол мексикалыққа қатынасы туралы айтты. 

"Канелоға" қатынасым? Оны құрметтеймін, бокста жеткені орасан зор. Бірақ бұл басқа қарсыластарыммен бір деңгейдегі құрмет. Артық емес. Оны сыйлаймын, алайда, әзірге ол менің жауым. Ал жалпы әлемдегі ең мықтымен жұдырықтасуға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Менің дағдыларым неге жарайтынын ақыры білетін боламын. Бұл мен үшін расымен үлкен сынақ", - дейді ресейлік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport