"Ол менің ағам!". Әлімханұлы Головкинмен кездесу жайлы айтты

14 қыркүйек 2021 21:50
©Top Rank

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) осы салмақта жұдырықтасатын өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек туралы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшсі. 

Әлімханұлы Головкинді үлкен ағасы екенін атап өтті. Ал Қазақстанда үлкендер құрметтеу - дәстүр екенін мәлімдеді. 

"Жанкүйерлер менен неге Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырмайсың деп сұрап жатады. Жауап берейін. Ол менің үлкен ағам. Қазақстанда үлкендерді сыйлау керек. Бұл біздің дәстүр. Мүмкін кейбір жанкүйерлер мұны түсінбейтін шығар. Бірақ дәстүрді сыйлау керек екенін бәрі біледі. Бұл қазақ стилі", - деп жазды Әлімханұлы твиттер парақшасында. 

Айта кетейік, Головкин дәл осы орта салмақта IBF және IBO белбеуінің иегері. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: