Нокдаун видеосы. Батыр Жүкембаев алғаш рет жеңілген жекпе-жектің негізгі сәттері

Сурет: twitter.com/ShowtimeBoxing

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) карьерасында алғаш рет жеңілген жекпе-жектегі негізі сәттерінің видеосын назарларыңызға ұсынамыз. 

Қазақ боксшының қарсыласы бұл айқаста пуэрториколық Сабриэль Матиас (17-1, 17 КО) болды.

Төртінші раундта Батыр нокдаунға түсті, ал сегізінші раундта қазақстандық боксшының командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.