Нокаутпен жеңістен кейін Головкин журнал мұқабасына шықты

©AFP

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) Риота Муратаны (16-3, 13 КО) жеңгеннен кейін жапониялық белгілі журналдың мұқабасына суреті жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин қарсыласын тоғызыншы раундта құлатқан болатын, ал Boxing Beat бұл оқиғаға ерекше көңіл бөлген.

"Мамырға арналған соңғы басылмының ертең, 15 сәуірге жоспарланғанын хабарлаймыз. Онда Головкин мен Мурата арасындағы орта салмақ титулдарды біріктірген айқасқа қатысты арнайы жаңалықтар болады", - делінген құлақтандыруда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport