"Нокаут..". Белгілі боксшы "Канело" мен Головкин жекпе-жегі немен аяқталатынын айтты

©HBO

Белгілі мексикалық былғары қолғап шебері Марко Антонио Баррера трилогияға қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Алғашқы екі кездесу өте қызықты өтті. Жанкүйерлердің біразы Генаның жеңіске жеткенін айтса, екінші тарап "Канело" жеңді деді. Бұл жолы көптеген сұрақтардың шешімі табылады. Альварес бүкіл әлемге кімнің мықты екенін дәлелдеу үшін алғашқы раундтан бастап ширақ қимылдайды. Трилогияда кімнің мықты екенін анықтайды. Сондықтан "Канело" нокаутпен құлату үшін аянып қалмайды. Ал Гена болса Муратаға қарсы айқаста жоғары деңгейін көрсетті. Қырыққа таяп қалғанда өзін жақсы формада ұстауы ұнады. Нәтижесінде Мурата нокаутқа түсіп қалды. "Канело" жылдам боксшы. Сауль бірден құлатудың амалын ойластырып жатқан шығар. Айқас нокаутпен аяқталуы мүмкін, - дейді Баррера.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес 17 қыркүйекте жұдырықтасады. .

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport