Назым Қызайбайдың Азия чемпионатындағы келесі қарсыласы белгілі

©ҚБФ

Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатында Назым Қызайбайдың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің ширек финалында Қызайбай моңғол қызы Мунгунсаран Балсанмен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 6 қараша күні өтеді.

Назым Қызайбай сары құрлық біріншілігінің алғашқы айқасында таиландтық Чутамат Раксатты жеңген еді.

Еске салайық, Назым Қызайбай спорттық жолында екі дүркін әлем чемпионы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport