Намибиялық "Жендет" Қанат Исламды нокаутпен жеңетінін мәлімдеді

© Fightnews.info
"Жендет" (The Executioner) лақап атты намибиялық боксшы Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін жекпе-жекте қазақ боксшы Қанат Исламды (26-0, 21 КО) нокаутпен жеңуге дайын екенін мәлімдеді. 

Жекпе-жек 26 қараша Алматыда өтеді.

- Жаттығу жағынан көңілім тоқ. Лагердегі көңіл-күй көтеріңкі. Өз күшімен сенімдімін. Қанатпен кездесуге дайынмын. Оны жеңуге дайынмын, оны нокаутпен жеңгім келеді. 

- Спарринг серіктеріңіз кім болды және қайда жаттықтыңыз?

- Виндхукта (Намибия) тұрамын. MTC Nestor Sunshine залында жаттығамыз. Бұл көптеген әлем чемпионы өз жолын бастаған орын. Қазір менде бірнеше мықты спарринг серігім бар. Олар мені Қанатқа қарсы түрлі стильде дайындады. Жеткен деңгейімізге көңілім толады. 

- Қанат Ислам туралы не ойлайсыз?

- Мықты боксшы. Геннадий Головкиннің ізбасары деп атайды. Бірақ бұдан секем алмадым. Жеңіс үшін барамын, құны қанша болса да. Өткен жолы әлемдік деңгейдегі қарсыласпен жұдырықтасқанда дайындалуға уақытым аз болды. Ал енді қандай екенімді көрсетемін. Оның әлсіз тұстарын білемін және рингте ашып беремін. 

- Қазақстанға келуге дайынсыз ба және біздің ел туралы не ойлайсыз?

- Намибия - бұл батыл ерлердің мекені. Алыс сапарға аттану үшін ержүрек болуыңыз керек. Елдеріңізде басыма не түссе де дайынмын. Қазақстанда ешқашан болмағанмын. Алайда ринг бәр жерде бірдей. 

- Андрадемен жекпе-жегіңіз есіңізде ме? Оны жеңе алар едім деп ойлайсыз ба?

- Андрадемен айқас артта қалған дүние. Мен тізеде отырғанда оның "лас" әрекет қолданғанын бүкіл әлем көрді. Ол шеттелу керек болған, алайда, төреші нокдаун есептеді. Бұл ойыма маза бермеді. Оның орнында болсам, мені өмір бойына шеттеп тастар еді. Ештеңе айтпай-ақ қояйын. Ол ұлы чемпион және оған тек сәттілік тілеймін. Бйік шыңға өз жолыммен келемін. 

- Жекпе-жек үшін алатын гонорар көлемін айта аласыз ба?

- Бұл қомақты қаржы алатын жекпе-жек емес. Мұнда өзімді көрсетіп, үлкен кездесу алу үшін келдім. 

- Сіздің салмақ дәрежесіне қарамайтын ТОП-5 рейтингіңіз қандай?

- "Канело", Кроуфорд, Ломаченко, Гарсия және Спенс.