Мынау сұмдық екен. Нокаутшы қарсыласын "көрінбейтін" соққымен құлатты

©Видеодан алынған кадр

Нигерияда өткен бокс кешінде қызықты оқиға болды. Жергілікті нокаутшы проспект Ричард Эгова (11-0, 11 КО) 43 жастағы отандасы Бэйсил Осигвені (11-13, 6 КО) жеңді. 

Екінші раундта ардагер боксшы соққы болмаған уақытта құлады (нақты не болғаны белгісіз). Осыдан кейін Осигве орнынан тұра алмады да, төреші жепке-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. 

Ең қызығы видеоны промоутер Лу Дибелла (DiBella Entertainment) көріп қалған екен. Ол болған жағдайды "қойылым" деп атады және бұл жекпе-жек "BoxRec порталының ресми статистикасында тіркелді ме" деген сұрақ қойды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport