Муратаны нокаутпен жеңген Головкин әлемдік рейтингте көш бастады

Сурет: standard.co.uk ©

Бокс әлемінің бас сайтының бірі саналатын Boxrec.com жаңартылған рейтингіні жария етіп, онда қазақстандық Геннадий Головкин көш бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

9 сәуірде Жапонияда өткен бокс кешінде Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) BoxRec рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан барлық боксшылар арасында 693.0 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) 680.6 ұпаймен екінші сатыда. Ал америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) 525.3 ұпаймен әлем боксшылары арасында үздік үштікті түйіндеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport