Муратадан үш есе көп. Головкин Сайтамадағы айқас үшін қанша алатыны айтылды

©Fightnews.info

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA "супер" титулының иегері жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 KO) алдағы айқас үшін алатын гонорар көлемі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дереккөз мәліметінше, Головкиннің кепілді гонорары 12,3 миллион доллар, ал Муратаға 4,1 миллион тиеді.

Бұл айқас 9 сәуір Сайтамада өтеді. Головкин Жапонияға жетіп алғанын айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport