"Мұны көргім де келмейді". Америкалық боксшы Головкин - Пакьяо жекпе-жегі жайлы

Сурет: MSN.com
Екінші орта салмақтағы америкалық боксшы Денис Даглин (22-7, 14 КО) орта дивизионда IBF және IBO белбеулеріне ие қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен жартылай ортада WBA (Super) чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) арасындағы жекпе-жекке өз болжамын айтты.

Айта кетейік, 32 жастағы Даглин карьерасында тиул иеленіп көрмеген. Үш рет әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасып, үш ретте нокаутпен жеңілген. Дегенмен ол жарытлай орта салмақта бұрынғы чемпион Сергей Ковалевтің (34-4-1, 29 КО) спарринг серігі ретінде белгілі.

"GGG жеңеді. Мені қате түсініп қалмаңыздар: Пакьяо - ұлы, бірақ, 72 келіге көтерілу - аптықпа, Мэнни, ақшаң жетеді, жасың да келді. Жартылай орта салмақта жас боксшыларға қарсы мықты екенін білемін, бірақ, GGG-ге көтерілу - олай деп ойламаймын, мұны көргім де келмейді. Мен Амир Ханды да "Канелоға" қарсы көргім келмеген, Жоғары салмақтағы ірі жігіттермен жұдырықтасатын кішілеу жігіттердің жекпе-жегін тамашалай алмаймын", - дейді Даглин Mayweather Channel YouTube арнасына берген сұхбатында.