"Мұндай деңгейде бұл маңызды". Сарапшы Әлімханұлына нені өзгерту керегін айтты

©Top Rank/Mikey Williams

Екі салмақта чемпион болған, қазірде бокс сарапшысы Тимоти Брэдли қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) қалай өзгеру керегін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлімханұлы көңілді қалдырды". Жәнібек ортаңқол боксшыны әзер жеңгені айтылды

"Жәнібекке әлі еңбектену керек, өсу қажет. 13 жекпе-жек, алты жыл кәсіпқойда, қазір чемпион. Бірақ бәрібір өсу керек. Ол 29 жаста, алайда, бәрібір өсу қажет. Жақын қашықтықта жұдырықтасып үйренген жөн. Комбинация ауыстырып отырған жөн - міне осы тер төгуді қажет ететін дүние. Қарсыласын жақын қашықтықта бақылауда ұстау үшін осыларды жасау керек - мұндай деңгейде бұл өте маңызды. Мен байқаған осы ұсақ-түйек оған ары қарай ілгерлеуге көмектеседі", - деп береді Брэдлидің сөзін vRINGe.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport