"Мұқым қазақтың намысына тиді". Жұманов "Халкпен" айқасы жайлы

©Алмат Жұмановтың мұрағатынан

Алмат "Қазақ Титаны" Жұманов ирандық Саяд "Иран Халкы" Гарибиді нокаутқа түсіргеннен кейін Vesti.kz тілшісіне сұхбат берді. Спортшы жекпе-жек алдындағы агрессиясы мен реванш жайлы сөз қозғады.

- Жекпе-жек кезінде жұмысымды жақсы істедім. Ең бастысы мұқым қазақтың намысына тиген адамды ұрып жықтым. Айқас алдында жанкүйерлердің 90 пайызы қарсыласыма қолдау көрсетті. Ирандықтар мені мазақтады. Оның сөздері шамыма тиген соң рингте оған деген аяушылық болған жоқ.

- Жекпе-жек үшін қанша ақша алдыңыз?

- Олар маған 10 мың доллар береміз деген. Әзірге ол ақшаны алмадым.

- Реванш бола ма?

- Қарсыласымның тарапынан матч-реванш болады деп естідім.

- Сіздің кумиріңіз кім?

- Кіші Рой Джонс

- Рингте кіммен қолғап түйістіргіңіз келеді?

- Менімен айқасқа кім шыққысы келсе, кез-келгенімен дайынмын.

- Бокс карьераңызды жалғастырасыз ба?

- Бұрын кәсіби түрде ешқашан жұдырықтаспағам. Тек бала кезімде аздап айналысқам. Қажет болса бапкер болуға немесе рингке шығуға дайынмын. Қазақ титандарының брендін дамытқым келеді. Ең бастысы демеуші табылса болғаны.

Еске салайық, Алмат Жұманов пен Саяд Гариби Дубайда (БАӘ) қолғап түйістіріп, "Қазақ титаны" нокаутпен жеңіске жетті. Алғашында екі минуттан төрт раундтық жекпе-жек болып белгіленгенімен, отандасымыз Иран алыбын бірінші раундта тоқтатты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport