"Міндеттеңдер!" Әлем чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізе алмайтынына ашуланды

Сурет: © AFP

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (30-0, 18 КО) осы дивизионда IBF және IBO титулдарына ие Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңына дейін өзімен жекпе-жекке шықпайтынына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Мұның алдында мұндай жаңалықты The Athletic журналисі Лэнс Пагмайр хабарлаған еді. 

Головкин Муратамен жекпе-жектен кейін Андрадемен жұдырықтасады

"Әрине, GGG жұдырықтаспайды. DAZN, оны титулдарды біріктіреуге міндеттеңдер! Том Леффлер, өз боксшыңа сенімді емессің бе? Иә, бұл Томға, Джонатан Бэнкс пен GGG-ге тікелей айтылып отыр", - деп жазыпты Андраде твиттер желісінде.