Мейвезер 2020 жылы боксшымен және UFC файтерімен жұдырықтаспақ. Жекпе-жектердің мән-жайы айтылды

© ringside24.com
Бес салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Флойд Мейвезер 2020 жылы екі жекпе-жек өткізбек, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әйгілі Флойд Мейвезер рингке оралатынын мәлімдеді

TMZ мәліметінше, Мейвезер бір жекпе-жегін бокс ережесі бойынша өткізеді және UFC файтерімен жұдырықтаспақ. Біріншісін 2020 жылы мамырда, ал екіншісін қыркүйекте деп жоспарлағанға ұқсайды

Классикалық бокс кездесуі филиппиндік Мэнни Пакьяомен болатын сияқты. Боксшылар 2015 жылы жұдырықтасып, америкалық төрешілер шешімімен жеңген.

Ал UFC файтеріне қатысты Флойд бокс ережелерімен жақсы таныс спортшыны таңдауы мүмкін.

2017 жылы ол бокс ережесі бойынша ирландиялық Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген еді.