Мэнни Пакьяо бапкерінің қарсылығына қарамастан Головкинмен жекпе-жекке шықпақ

Мэнни Пакьяо. Сурет: Top Rank
41 жастағы WBA чемпионы Мэнни Пакьяо (62-7-2, 39 КО) орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл туралы филиппиндіктің бапкері Фрэдди Роуч мәлімдеді. Дегенмен ол боксшының екі салмақ жоғарлауына қарсы.

"Мэнни мықтыларды жеңгісі келеді. Жеке өзім Майк Гарсиямен шыққанын қалаймын. Алайда Мэнни алысқа сермеп, GGG немесе қазір сол салмақтағы мықтылармен жұдырықтаспақ. Меніңше, оның 160 фунтқа жоламағаны дұрыс", -  дейді Роуч. 

Еске салайық, Головкин келесі жекпе-жегінде IBF желісі бойынша міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен жұдырықасуы тиіс.