"Менен қорқатын, қазір де солай". Головкин соңғы жекпе-жектерде нокаут болмағанына қатысты жауабы

© vk.com/ggolovkin
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) The Big Lead порталына берген сұхбатында карьерасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

- Неге DAZN-ды таңдадың?
- DAZN ең ұтымды ұсыныс жасады - өте үлкен және өте салмақты. Басқалары мұндайды бере алмады. HBO-мен салыстырсаң - жер мен көктей.

- Келесі қарсыласың Стив Роллстың жекпе-жектерін көрген соң не түйдің? Стиль жағынан ол сенің соңғы қарсыластарыңнан мүлде өзгеше?
- Боксшыларды салыстыруға келмейді. Барлығы әртүрлі. Роллс жеңілмеген боксшы болғандығымен қызықтырды. 

- Соңғы жекпе-жектеріңде бұрынғыдай нокауттар көрмедік. Бұл қарсыластардың деңгейіне байланысты ма?
- Бұл қарсыластарымның мықтырақ бола бастағанын көрсетеді. Бокста ештеңе оңай еместігінің дәлелі. Бірақ Ванес Мартиросянмен жекпе-жегімді ұмытқандарыңыз жаман екен.

- Сенің бірінші үлкен жекпе-жегің - "Канеломен" - жасың 35-теболғанда өтті. Бұрын нокаутшы болғандығыңнан маңызды жекпе-жектер аз болады деп қорықпайсың ба, өйткені бұрын сенімен ешкім жұдырықтасқысы келмейтін еді?
- Мұндайға ренжіп қалуым мүмкін. Мартиросянмен жекпе-жегімді неге ұмыттыңыздар, мен оны нокаутқа түсіргенмін? Бірдеңе өзгерді деп ойламамймын. Иә, адамдар менімен жұдырықтасудан қорқатын. Бірақ қазір де солай.

- "Канеломен" трилогияға қызығушылығың қандай? Егер өтіп жатса, төрешілер "Канелоға" жақтасатын Лас-Вегастан бөлек орында өтуі мүмкін бе?
- Бұл бизнес. Үшінші жекпе-жек үздікті анықтайды, сондықтан қызық болады. Алайда әзірге ол туралы ойлап жүрген жоқпын. Бар назарым алдағы (Роллспен) жекпе-жекте. Келесі кездесуді уақыты келгенде талқылаймыз.
Жаңалықтар