Менеджер Сергей Ковалев карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

©BoxingScene

Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалевтің менеджері Эгис Климас боксшы карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасу Ковалев үшін қиындық туғызбайды. Оның бұл салмақта репутациясы жақсы. Сергейдің жекпе-жек өткізбегеніне де біраз уақыт болды. Ол кездесу өткізгісі келеді. Ковалев қазір карьерасын аяқтайтын тұсқа да келіп қалды. 

Енді ол екі не үш кездесуден кейін чемпиондық айқасқа шыға алады. Содан соң ол карьерасын аяқтайды", - деп келтіреді Климастың сөзін BoxingScene порталы. 

Айта кетейік, Ковалев соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың қараша айында шығып, мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңіліп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport