"Мені жеңе алмайды". WBC чемпионы 41 қарсыласын сұлатқан америкалық нокаутшы туралы

Сурет: Fightnews.info
Суперауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) америкалық Деонтей Уайлдер (42-1-1, 41 КО) өзін ешқашан жеңе алмайтынын мәлімдеді. 

"Ол мені жеңе алмайды, бұл факт. Міне маңыздысы осы. Деонтей Уайлдер Тайсон Фьюриден басым болмайды. Иә, ауыр соққы жасай алады, бірақ, суперауыр салмақта бәрі олай ұра алады. Оны осымен екі рет жеңдім. Дегенмен Уайлдер сияқты адамды санаттан шығарып тастауға да келмес", - деп береді Фьюридің сөзін "Чемпионат".

Еске салайық, 2020 жылы ақпанда өткен қарымта кедесуде британиялық боксшы Уайлдерді нокаутқа түсіріп, WBC титулын тартып алған.