Мемлекет басшысы комаға түскен Ербосынұлына хат жолдады

©instagram.com/suleimen_promotions_official/

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының ауруханада жатуына орай телеграм хат жолдады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Сіздің кубалық боксшымен болған жекпе-жегіңізде барлық қазақстандық жанкүйерлер қолдау көрсетті. Әрине, спортта жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Ең бастысы – денсаулық. Ертерек сауығып кетуіңізге тілектеспін. Қайтып оралған соң отандық бокстың дамуына үлес қосуыңызды жалғастырасыз деген сенімдемін", - деп жазды мемлекет басшысы.

Еске салайық, 6 қараша күні Миннеаполисте Ербосынұлы екінші орта салмақта кубалық Давид Моррелмен (8-0, 7 КО) қолғап түйістіріп, 12-раундта нокаутқа түсті. Жекпе-жектен кейін дәрігерлер Айдос Ербосынұлын Хеннепин округының Медициналық орталығына алып кетті. Ауыр жарақат алғандықтан ота кезінде ол жасанды комада жатты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport