Майк Тайсон көпшілікті таң қалдырды

©Reuters

Әлеуметтік желіде әйгілі боксшы Майк Тайсонның арбаға таңылған суреті тарап кетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

56 жастағы экс-чемпион Майами халықаралық әуежайында арбада отырған күйі көпшілік көзіне түскен. Сондай-ақ, оның қолында балдақ болған.

Еске салайық, Тайсон соңғы рет шаршы алаң төріне 2005 жылы шығып, ешкімге белгісіз Кевин Макбрайд деген ирландиялыққа техникалық нокаутпен жеңілген еді. Жалпы кәсіпқой карьерасында ол 58 жекпе-жек өткізіп, 50 рет (44 нокаут) жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport