Майк Тайсон қарсыласын нокаутқа түсіретін соққыларды көрсетті

Сурет: Fightnews.info
Cуперуыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон жаттығуларының видеосын жариялады. 

53 жастағы боксшы Instagram желісінде жариялағн видеода соққылары әлі де ауыр екенін, ал спортшы жылдамдығын жоғалта қоймағанын көруге болады.

"Іске ақылмен кіріссең, бәрі мүмкін. Ақылмен жаттығыңыз. Ақылмен қалыпқа да келуге болады", - деп жазды Тайсон видеоның астында және сөзін "мен қайта келдім" деп аяқтады.