Майк Тайсон атақты чемпиондардың айқасында кім жеңетінін айтты

©Current School News

Әйгілі Майк Тайсон (50-6) жартылай орта салмақта WBC, WBA және IBF чемпионы Эррол Спенспен (28-0) айқаста WBO титулына ие Теренс Кроуфордта (38-0) басымдық бар деген ойда, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

"Спенспен қарсы алдында тұрып жұдырықтасуға болмайды. Қозғалу қажет. Кроуфорд қозғалуға міндет, әйтпесе, Спенс оны жайпап өтеді. Алайда Теренс былтыр Шон Портерді оңай жеңгенін бәрі көрді, ал Спенс онымен айқаста айтарлықтай қиналды. Иә, Сепнс Кроуфордтан ауыр, алайда, Теренс бұрын да дәулерден басым түсіп отырған", - дейді Тайсон FightHype басылымына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Кроуфорд пен Спенс қарашада жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін айқасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: