"Ломаченко мен Усиктің ізінен еремін". Деревянченко Головкинмен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

3 қыркүйек 2019 11:41
© box.sport.ua
Орта салмақта жұдырықтасатын Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (39-1-1, 35 КО) қарсы дайындық барысында Эдгар Берленга (12-0, 12 КО), Кемаль Расселл (13-1, 11 КО) сияқты проспектілермен спарринг өткізеді, - деп хабарлайды vRinge.com порталы World Boxing News басылымына сілтеме жасап.

"Бұл болашақ чемпиондар. Олар әр күні спаррингте беріле жұмыс істейтіні сонша, барыңды салуға тура келеді. Алдағы жекпе-жекке дәл осылай жаттығу қажет. Уақыты келгенде бәрін дұрыс істегенімді білетін боламын; жеңемін де достарым Усик пен Ломаченконың ізінен еремін".

Боксшы отанына әлем чемпионы болып оралатынына сенімді.

"Бруклинді сүйем, екінші үйім. Әрине туған елімді, отбасым мен достарымды сағынамын. Рингте істеп жатқаным - Украина халық үшін. Үйде барынша жиі болуға тырысамын. Келесіде үйге чемпион болып ораламын", - дейді ол. 

Еске салайық, Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар орта салмақта IBF титулы үшін жұдырықтасады.