"Күтіңдер, келе жатырмын". Әлімханұлы "Канело" мен орта салмақ мықтыларын жекпе-жекке шақырды

© Top Rank
Орта салмақта жұдырықтасатын Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) осы дивизиондағы барлық белбеулерді біріктіргісі келетінін мәлімдеді. 

Қазақстандық боксшы, бұл мәлімдемесін 17 тамыз Лос-Анджелестегі Banc of California стадионында өткен жекпе-жегінен кейін мәлімдеді. Әлімханұлы боксшы қарсыласы Стюарт МакЛелланды бесінші раундта нокаутпен жеңді.

"Дайындық бәрі жақсы. Бапкерім Бадди МакГирт мені өте жақсы дайындап, бәрін ойдағыдай жасап, жеңіске жетіп отырмын.

Келгеніме бір жыл болды. Қазыр шыңдалып жатырмыз, бірақ, мен тек қана мықтылармен шығу үшін (рингке) келдім. Сондықтан мықтыларға айтатыным: күтіңдер келе жатырмын. "Канело", Андраде, ағайынды Чарлолар бар, соллармен жақсы жекпе-жек өткізгім келеді", - деп келтіреді боксшының сөзін Top Rank.



Айта кетейік, Альварес орта салмақта WBA (Super), Андраде WBO, ал Чарло WBC чемпионы.