Құраманың бас бапкері ӘЧ-ге баратын құрама сапында неге Азия чемпионы жоғын түсіндірді

Бек Нұрмағанбет (қызылда). Сурет: Данияр Майлыбаев©
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Olympic.kz-ке берген сұхбатында әлем чемпионатына баратын құрама сапында неге Азия чемпионы БекНұрмаамбеттің жоғын түсіндірді. 

"Бек Нұрмағанбет Азия чемпионатына жарақатымен қатысқан болатын. Құрлық біріншілігінен соң оның аяғына ота жасалды. Сол себепті, Бек әлі толығымен қалпына келген жоқ.

Әбілхан Аманқұл Президент кубогі қарсаңында жарақат алды. Екі боксшы да құраманың жаттығу жиынына қатысты. Бірақ жарақатын асқындырып алмау үшін оларға көп салмақ түсірмедік. Екеуінің қатарға қосылуына әлі біраз уақыт керек. Бектің орнына Қазақстан атынан Бекзат Нұрдәулетов бақ сынайды. Ол бұрын 91 келіде жұдырықтасқан", - дейді Ғалымбек Кенжебаев.

Еске салайық, 2019 жылғы Әлем чемпонаты Ресейдің Екатеринбург қаласында тамыздың 9 мен 21 аралығы өтеді. Бокстан әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасының тізімімен мына жерде таныс бола аласыздар.