Кіші әлем чемпионатында тағы бір қазақ боксшы жарыстан шығып қалды

©ҚБФ

Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрқанат Райыс "Странджа кубогінің" 1/4 финалынан ары ары өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарысқа қатысқан жерлесіміз жергілікті елдің өкілі Рами Киванаға есе жіберді. Қорытындысы есеп 2:3. (27:30, 28:29, 29:28, 27:30, 29:28).

Еске салайық, осыған дейін кешкі сессияда 57 келіде Оразбек Асылқұлов пен Бейбарыс Жексен, сонымен қатар, 71 келі салмақта Ермахан Жәкпеков сәтсіз өнер көрсетті.

Ал күндізгі сессияда сынға түскен Махмұд Сабырхан кем дегенде қола жүлдені еншіледі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport