"Кісендеулі жерінен босатып алдым". Британиялық боксшы Головкинмен жекпе-жек пен промоутері жайлы

Сурет: World Boxing News
Жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы британиялық Келл Брук (39-2, 27 КО) өзінің промоутері Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) жанжалдасып қалды. Британиялық боксшы 24 қараша Лас-Вегаста P4P көшбасшысы америкалық Теренс Кроуфордпен (36-0, 27 КО) жұдырықтасу керек,- деп хабарлайды vRINGe.com.

Брук алдағы жекпе-жек бойынша Кроуфорд және оның промоутері Бобом Аруммен (Top Rank) Хирнсіз келіссөз жүргізетін болды. Осыған байланысты Брук 2016 жылды еске алып, ренішін білдірді: "Эдди үнемі істен қалмайтын. Ол Кроуфордпен келіссөз туралы білді. Одан керегі келісімшартқа қол қоя салу ғана еді. Бірақ ол бос емес - жазған кітаптарына қол қойып таратып жүр. Ал мен ол үшін қанша жасадым... Головкинмен жұдырықтасуға келісіп, оны кісендеулі жерінен босаттым деуге болады. Мен шоуды құтқарып қалдым, оның үстіне PPV-шоуын. Мен әрдайым Sky Sports арнасының боксшысы болып келдім. Сондықтан көрермендер P4P патшасымен жекпе-жегімді көргенін қалаймын. Бірақ Хирн өзінікін істеді. Шынын айтсам, құлазып отырмын". 

Головкин -Брук жекпе-жегі жайлы Хирннің айтқаны: "Шоуымды құтқарып қалды? Мүлде олай емес! Ол керемет табыс көрді. Сендерді ешкім мәжбүрлемеді, сендерге гонорар айтылды, ал менеджер мен бапкер бар үшеуің де келісе кеттіңдер. Жекпе-жек орта салмақта болды, ол белбеуінен айырылған жоқ. Ол мұндай гонорар бұрын көрген емес. Оның табысы жоғары болғаны сонша, боксқа оралмай қоя ма деп ойладым. Ол жалқауланып, семіріп кетті, жаттығуларды мүлде тастады. Үйіне қанша рет барып, карьерасын жалғастыруға тырыстым. Боксшылардың менен кетіп ары қарай карьерасын жүргізгеніне мен еш ренжімеймін, қалыпты дүние. Бірақ бірінші қиындық туа салысымен маған қоңырау шалмай-ақ қойыңдаршы, жарай ма?" - дейді Хирн.