Көзі ашылмай қалды. Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутпен жеңіске жетті

©Universum Boxing

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) WBC International титулы үшін Германияда өткен жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Франциялық Йохан Дюопаға (39-7, 26 КО) қарсы он раундтық жекпе-жек бесіншіден кейін аяқталды.

Бұл айқастың басында-ақ қазақстандық боксшы қарсыласының көзін ісіріп жіберді, алайда, дәрігерлер көмегімен Дюопа айқасты жалғастырды. 

Төртінші раундта франциялық капасын түсіріп алды, ал бесіншісінде көзі мүлде ашылмай қалды. Алтыншы раунд алдында Йохан ары қарай жұдырықтасудан бас тартты. Осылайша, Кособуцкий техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport