Ковалев "Канелоны" Головкинмен жұдырықтасудан қашқандығын мазақ қылды

19 қыркүйек 2019 12:27
© xsport.ua
Жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев (34-3-1, 29 KO) жекпе-жек алдында мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (52-1-2, 35 КО) мазақ етті.

Ковалев Instagram желісінде белгілі мемге айналған суретке Альварестің бейнесін салып, фотоколлаж жасаған. 

Оның бірінші суретінде "Канело" қазақстандық Геннадий Головкин, америкалық Деметриус Андраде, британиялық Билли Джо Сондерс пен тағы бір АҚШ боксшысы Джермалл Чарломен жұдырықтасудан қашып отырғаны бейнеленген. Ал екінші суретте мексикалық шал кейпіндегі Ковалевпен жұдырықтасуға риза екені көрсетілген. 



"Канело" - Ковалев жекпе-жегі 2 қараша Лас-Вегаста өтеді. Бұл кездесуге ресейлікке тиесілі WBO титулы сарапқа салынады.