"Кім болса да бәрібір". Қазақстандық Ахмедов "Канеломен" жекпе-жек жайлы

©Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (19-1, 14 КО) жыл соңында рингке оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен әлем чемпионы титулы үшін келдім. "Канело", Бенавидес, мүмкін Андраде, бәрібір. Кіммен болса да айқасуға дайынмын. Қазір бар назарым тек белбеу үшін айқаста. Командам келесі жекпе-жек бойынша жұмыс істеп жатыр. Желтоқсанда өтеді деп үміттенемін", - деп береді Ахмедовтің сөзін The Ring.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport