Кличко IBA-ның масқара шешіміне қайран қалды

©hzn.ua

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы укариналық Владимир Кличко Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресейлік және белоруссиялық боксшыларды барлық турнирге қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне наразылығын білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz

"Өзіңізді өзіңіз нокаутқа түсіре аласыз ба? Иә. Гуманисттік және жалпы адамзатқа тән құндылықтарды аяқ-асты еткен IBA өзін бүкіл әлем алдында масқара етті. Бокс мұндайға лайық емес. Неткен масқара", - деп жазыпты Кличко "твиттерде". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: