"К...ке отырғызды". Шымбергеновтің қарсыласты бір соққымен құлатқандағы видео

©ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатын жеңістен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің 1/8 финалында 71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианьярмен кездесіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Оған дейін Асыланбек қарсыласын нокдаунға да түсірген болатын. 

Енді жартылай финалға жолдама үшін Асыланбек үндістандық Сачинмен айқасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport